Сенбілікке жұдырықтай жұмылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті кезекті сенбілік өткізді.

Университет ұжымы мен білім алушылары санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша  жалпықалалық сенбілікке белсене қатысып,  оқу  ғимараттары мен жатақхана ауласында тазарту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, университеттің Агробиологиялық участкесі және жылыжай шаруашылығы аймағындағы қоқыстар тазартылып, жас шыбықтар мен бұталар көшеті суарылды. Оған қоса, көпшілік талдарды әктеп, зиянды жәндіктерден қорғау шараларын жасады. Осылайша төңіректі түгел мұнтаздай етіп, шыбықтардың жайқалып өсуі үшін білек сыбына кіріскен ұстаздар мен білім алушылар мұндай игі шаралардың алдағы уақытта жалғасатынын айтты.

  

JoomShaper