Бос орындар жәрмеңкесі

Жастар жылы аясында жас мамандарды қолдау, халықты жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің түлектері мен бітіруші курс студенттеріне арналды. Бұл шараны университет, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және қалалық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды. Ауқымды жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші мекеме 141 бос жұмыс орындарын ұсынып, мекеме өкілдері келушілерге кеңес берді. Жұмыс іздеуші түлектер мен 4 курс студенттері өздері таңдаған мекеме өкілдеріне түйіндемелерін өткізіп, сұхбат барысында керекті мағлұматтарын алды. Осындай шаралар жас мамандардың жарқын болашақтарын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік бермек.

  

JoomShaper