Кәсіби бағдар беру жұмыстары аудандарда жалғасуда

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті кезекті кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастырып келеді. Кәсіби бағдар беру мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамы Шиелі ауданындағы Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі мен Жаңақорған ауданындағы аграрлы-техникалық колледжінің түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді.

Аталған шараға «Мұнай газ инжинирингі» кафедрасының меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты,  профессор Панабек Таңжарықов, техника ғылымдарының кандидаты Темірбек Жұмағұлов, кафедраның аға оқытушысы Марат Абжаев қатысып өз ой-пікірлерін ортаға салды. Кәсіби бағдар беру барысында университет дайындайтын мамандықтар туралы, материалдық-техникалық база және студенттерге арналған бағдарламалар жайында толық мәліметтер беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Сонымен бірге, түлектерге кешенді және ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға сондай-ақ құжаттарды қабылдауға байланысты өзгерістер туралы түсіндірілді. Колледж бітірушілеріне университет жайлы бейнеролик көрсетіліп, университет дайындайтын мамандықтар тізбесінен тұратын лифлеттер таратылды.

JoomShaper