Ардагерлерге құрмет

Қазақтың қасиетті дәстүрінің бірі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. «Тон жағасыз, ел ағасыз болмайды» деген нақыл сөзіне сүйенсек, өмірдің қиыны мен қызығын көріп, еселі еңбек етіп, заман ағымының ауыр жүгін арқалай білген асыл ағаларға құрмет қашанда жоғары.

Оған дәлел зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін орталықта болған «Қарттарым асыл  қазынам» атты шара. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бағдарлама аға буынға үлкен қуаныш сыйлады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі мереке мерейін тасытты. Өнерпаздар Ұлыстың ұлы күні – әз Наурызға арнап, күмбірлеген күй мен әуелеген ән шырқап, тыңдағанның құлақ құрышын қандырды. Жүзіктің көзінен өткен  мың бұралған бишілер әсем композициялар орындап, сахна төрін қыздырды. Ардагерлердің жүздеріне жылу мен мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кеш жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта осындай рухани байлық беретін іс-шаралар жалғасын таппақ.

JoomShaper