Факультетаралық спартакиада басталды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер арасындағы факультетаралық дәстүрлі спартакиадасы басталды.

Дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыстың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және әрбір спорт түрінен университеттің құрама командасын жасақтау үшін спортқа ынтасы бар жастарды іріктеу. Сонымен қатар, студент жастардың өзара достық қарым-қатынастарын нығайту. Жастарды патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Спартакиада 7 спорт түрінен өтуде. Атап айтсақ, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол, футбол, шахмат, стритбол және арқан тартыс. Сайыс наурыз айының 19-на дейін жалғаспақ. Университет ұжымы барлық қатысушыларға сәттілік тілейді.

         

JoomShaper