«Lesson Study» - тәсілінің тиімділігі

«Мұнай-газ инжинирингі» кафедрасының 5В072400- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының ТМО 16-1 оқу тобында Lesson Study бағдарламасы бойынша сабақ өтті.

Тақырып: «Математикалық моделдеу және оның деңгейлері» деп аталды. Сабаққа кафедра меңгерушісі П.А.Таңжарықов, кафедраның оқытушылары А.Т Ержанова, А.Айдарова, «Биология, география және химия» кафедрасының аға оқытушысы Карима Арынова және «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының ф.ғ.к., доценті Гулмира Баялиеваның қатысты. Сабақтың мақсаты технологиялық машиналарды есептеуде және жобалауда қолданылатын математикалық модельдеудің негізгі әдістерін және олардың параметрлерін есептеуді тереңдетілген түрде зерттеу болып табылады. Сонымен бірге, «Lesson Study» бағдарламасы бойынша студенттердің білім деңгейін жоғарылату. Сабақ барысында студенттер екі топқа бөлініп, белсенділігі мен білім деңгейлерін көрсетті. Сабаққа байланысты және әртүрлі қызықты сұрақтар қойылып, деңгейлік және жеке жұмыстар беріліп сергіту сәтті өтті. Сабақты қорыту барысында өзін-өзі бағалау парағы арқылы топтар балл, стикер арқылы формативті түрде бағаланып, жинаған ұпайларына сай мадақталды.

 

JoomShaper