Өнегелі ұстаз есімі жаңғырды

Ұстаз ұлы есім. Саналы өмірін парасатты білім мен тәрбие беруге арнаған аяулы ұстаз, кәсіби маман Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Басекеева Роза Сердәліқызы.

Өмірден өткенімен оның өнегелі өмірі ұстаздық ізгі жолы, жұмысына деген адалдығы одан бөлек, адами  қасиеті бір төбе. Бүгінде осындай ардақты жанның есімі жаңғырып, әріптестері мен шәкірттері «Өнегемен өрілген өмір...» атты шараны 28-ші наурыз сағат 11.00-де өткізуді қолға алуда. Оған университет ғалымдары мен педагогтың әріптестері және шәкірттері қатысады.
Роза Басекеева, сондай-ақ оқу орнындағы тәрбие бөлімін бірнеше жыл абыроймен басқарды. Сол жылдары университеттің көңілді тапқырлар клубының дамуына үлесін қосты. Осы орайда, университет ұжымы Роза Сердәліқызын еске алуға арналған «Түлектер кездесуі» атты КТК (КВН) фестивалін ұйымдастыруда. Шәкірттер жиыны 2019 жылдың 28-ші наурызында қолға алуда, Студенттер сарайында сағат 19.00 өтеді. Сіздерді осы фестивальдің құрметті қонағы болуға шақырамыз!

JoomShaper