Жаңа мүмкіндіктерге жол ашық

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлымен "галстуксыз" еркін форматта болған кездесуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің үздік студенті, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Бақытжамал Шадиева қатысты.

Жалынды жас аймақ басшысымен болған жүздесу туралы өз  ой-пікірін былайша білдірді. «Бұл кездесу белсенді жастармен бірге мағанда бұйырғанына өте қуаныштымын! Себебі ел басқарып отырған ағамыздың жастық шағының өзі біздер үшін өмірлік мотовация. Қырымбек Елеуұлы “Белсенді жастар өңіріміздің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда, оларды қолдау бізге міндет”,-деді. Осы сөз қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастарға жігер, алға қарай ұмтылыс бергені сөзсіз. Жастар - қашанда қоғамның генераторы, жаңа идеялардың бастамашысы. Осы  бағытта облыс әкімі жастарға үміт арта сөйледі. Қоғам сапасын арттыруға қызмет ететін ерекше жобаларды, тың бастамаларды биліктің қашанда қолдауға дайын екендігін алға тартты. Мемлекеттік бағдарламалардың жастарға ұсынатын игіліктерін, жеңілдіктерін барынша пайдалану қажеттігін айтты. Біз жас мемлекетпіз. Бәрі әлі алдымызда, барлық жолдар ашық, жаңа мүмкіндіктер іске асуын күтуде, осының барлығы бізге ерекше серпіліс береді. Еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болу жолында тың міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластыруға бар күшімізді саламыз!».

JoomShaper