«Жас ғалым» республикалық сайысында жеңімпаз атанды

Елорда төрінде «Жас ғалым» атты Х республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстар сайысы өтті. Бұл шараны ұйымдастырған республикалық «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы.

Аталмыш шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика және математика» кафедрасының 1 курс магистранты Жібек Рысбекова жүлделі бірінші орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі кафедра профессоры міндетін атқарушы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Боранбай Тұрбаев. Мұндай маңызды шаралар жас ғалымдардың инновациялық идеяларды жүзеге асырып, тың ізденістерге жол ашуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

JoomShaper