Пайдалы тренинг

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Өмірге қажетті дағдылар» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараға университеттің аға оқытушылары мен студенттері сондай-ақ, дайындық курсының тыңдаушылары  қатысты.  Жиында білім алу, жұмысқа тұру және сапалы еңбек ету үшін қажетті дағдыларды дамытуға қатысты кеңестер берілді. Және осы тұрғыда әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Семинар-тренингті орталықтың ахуалды талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің аға кеңесшісі Сейтқали Әлібек пен «Сана» зияткерлік мектебінің қоғамдық қор жетекшісі Кеншілік Сабыржан жүргізді. Жалпы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған шараның көпшілікке берері мол болды.  

 

JoomShaper