«Аталы сөзден ал кеңес!»

«Өз еліңнің ұлттық дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау кез келген тәрбиенің негізі болып табылады және ең зор ұлттық құндылығымызды көрсетеді.

Шыққан тегімізге зор мән беріп қарау арқылы ғана нағыз азаматтар тәрбиелеп, мықты мемлекет құра аламыз», деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылайша болашаққа бағдар жасап, рухани жаңғыру қажеттілігін айтты. Бұл ретте «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – ұлттық рухты көтеруге жаңаша серпін беруде. Біршама іс-шаралар жүзеге асуда. Соның бірі, ұлтымыздың рухани мұрасы мен тамыры терең ұлттық мәдениетімізді насихаттау мақсатында «Аталы сөзден ал кеңес» атты жыршы-термешілердің мысал орындау концерті өткізілді. Қызылорда облыстық филармониясында болған кешке өнер жанашырларымен бірге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты. Көпшілік бұл мәдени кештен рухани азық алды.

 

JoomShaper