«Біздің PRIDE»

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің авторлық бағдарламасының алғашқы түсірілімі өтті. Жобаның атауы «Біздің Pride», яғни - «Біздің мақтаныш» деп аталады.

Жастар жылы аясында қолға алынған жоба университеттің жетістікке жеткен студенттері мен түлектерін көрсетіп, таланттарын танытып, дарындыларын дәріптейтін болады. Алдағы уақытта бұл бағдарламаны көпшілік тек оқу ордасының ресми сайтында ғана емес, түсірілім барысында барлық әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде де көруге мүмкіндік алады. «Біздің PRIDE»-тың алғашқы қонақтары болып жыршы, «Мен қазақпын» ұлттық мегажобасының жеңімпазы Күнсұлу Түрікпен мен ММА, панкриатон, яғни аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ғани Әділсерік шықты. Сұхбаттың толық нұсқасы университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланатын болады. Бағдарлама туралы толық ақпаратты оқу орнының Баспасөз орталығынан ала аласыздар.

 

JoomShaper