Таңдау сізден – сапалы білім бізден!

Қала мектептерінде тәжірибеден өтіп жатқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері кәсіби бағдар беру жұмыстарын қызу қолға алды. Сондай шараның бірі шаһардағы Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектептің 11 сынып оқушылары арасында өтті.

Оған оқушылармен қатар ата-аналар да қатысты. Кәсіби бағдар беруде бакалавр академиялық дәрежесінде оқытылатын мамандықтары жайында практикант-студенттер дайындаған слайд-көрсетілім ұсынылды. Мәселен ПО-16-1 оқу тобының студенті Шарофат Журабаева өзінің слайд-көрсетілімінде мамандығы бойынша толық ақпарат беріп, жеткен жетістіктерін көрсетті. Және алдағы мақсат-міндеттерімен де бөлісті. Жаңашыл жас креативті идеяларын да ортаға салды. Осы күні сонымен қатар университет мамандықтары жайлы мәліметтер бар лефлет көпшілікке таратылды. «Кәсіптік оқыту» кафедрасының аға оқытушысы С.Ж.Ералиева әр мамандықтың ерекшелігіне тоқталып, жастар мен ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Қазірдің өзінде 4 оқушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін таңдап, экономика, педагогика-психология, инженер, биология мамандықтарына тапсыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

JoomShaper