Халық қалаулысы ұстаздармен кездесті

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мурадов Ахмет Сейдарахманұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне ат басын бұрды.

Халық қалаулысы мұнда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұстаздарымен жүздесті. Депутат жиналғандарға алдымен жұмыс сапарының мақсатын түсіндіріп, педагогтарға өзін толғандырған  мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Өз кезегінде ұлағатты ұстаздар Ахмет Сейдарахманұлының сұрақтарына тұшымды жауап қайтарып, кафедра жұмысымен таныстырды. Жалпы кафедра құрамының басым бөлігін – ғылыми атағы, мәдени-көпшілік және саяси-қоғамдық жұмыстарда тәжірибелері бар оқытушылар құрайды. Олар барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография», «Этносаясат негіздері», «Конфликтология» пәндерінен дәріс береді. Жылы жүздесу соңында депутат университеттің бас ғимаратында орналасқан Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан оқу-көрме залымен танысты. 

 

JoomShaper