Докторанттар аттестаттаудан өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті халықаралық аккредитациясы бар шетелдік жоғарғы оқу орындарымен  белсенді әріптестік жұмыс жүргізуде.

Білім алушылар Қазақстан мен шетелдік жетекші жоғарғы оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп, белгіленген тәртіппен білім бағдарламаларын игереді. Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар 3 жыл нормативті оқу мерзіміне қабылданады.  Оқу барысында олар аттестациядан өтеді. Мәселен, университеттің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және  «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша 1-3 курс докторанттары ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтіп, жылдық қорытынды есептерін берді. Алдағы уақытта басқа мамандық бойынша білім алып жатқан докторанттар да аталған сынақтан өтуге дайын болулары тиіс. Бұл барлығына ортақ талап. 

JoomShaper