Жас мамандар іс тәжірибеден өтті

Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Әрі жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту ісінің түпкі мәйегі. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.

Мәдениетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі, білімді болуы қажет» – деген болатын. Бұл ретте тәрбиешілерге артылар жүктің жеңіл еместігін жас мамандарда сезініп отыр. Мәселен, қаладағы «Алтын ұя» балабақшасында қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 3-курс студенттері тәжірибеден өтуде. Балалармен жұмыс жасау ең алдымен аса сабырлық пен шыдамдылықты және жаңашылдықты талап етеді. Тәжірибе жинақтау барысында машықтанушылар осы тұрғыда ізденістерін жетілдіріп, жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарды. Нақтырақ айтар болсақ: жас мамандар «Қыстап қалатын құстар», «Жыл құстары», «Қарға ертегісі» тақырыптарында іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар ортаңғы топ балаларына дәрумендер апталығын ұйымдастырып, түрлі драмалық қойылымдарды қойды. Бұл арқылы олар бөбектердің белсенділігін арттырып, ой-саналарын жаңғыртуға үлес қосты.

 

JoomShaper