Ұлағатты ұстаз, зерделі ғалымды еске алу

Әбдікәрім Тәжмағанбетұлы жарты ғасырдан астам уақыт бойына республикамызда жоғары білімді педагог-кадрлар даярлауға сүбелі үлес қосқан профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының құрметті академигі .

Ә.Т.Тәжмағанбетовтың 90 жылдығына арналған «Жаңа мазмұнда білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесін математиканың пәнаралық байланыстары негізінде жетілдіру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында болып өтті
Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми Кеңесінің шешімімен п.ғ.к., профессор Ә.Тәжмағанбетовтің есімі өзі дәріс берген 6-оқу ғимаратындағы 303-дәрісханаға берілді, онда білім қуған XXI-ғасырдың жас ұрпағы ұстаздарынан дәрістер тыңдап, мамандыққа қанығуда.
Ұлағатты ұстаз-ғалымның ғұмыры ұрпағы мен шәкірттері арқылы жалғасын табуда

JoomShaper