Жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісі

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы жасаған кезекті Жолдауында «Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор.

Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдау жасау керек.»- деген болатын. Осы орайда, 2018 жылғы 26 желтоқсан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісі өткізілді. Мәжілістің мақсаты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы негізінде мамандар дайындау сапасын жетілдіру, олардың құзыреттілігін арттыру және оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын дамыту айқындалған. Соған сәйкес, білім-ғылым-өнеркәсіп бірлестігінде өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған қолданбалы ғылыми-әдістемелік зерттеулерді жүргізу, жұмыс берушілердің қатысуымен жаңартылған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сапасын көтеру, түлектердің бәсекеге қабілетті кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін дамыту және еңбек нарығында мамандық бойынша жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасымен келісе отырып, 28.03.2018ж. №453-а. университетте Жұмыс берушілер Кеңесі құрылған болатын. Бүгінгі университетте өткізілген жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісінде Жұмыс берушілер кеңесі туралы ережені бекітіліп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университеті мен «Атамекен» ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі арасындағы өзара қызмет және ынтымақтастық туралы жасалған меморандумға қол қойылды.

JoomShaper