«Әлеуметтік қамсыздандыру» дайындау бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңес мәжілісі

2018 жылдың 21 желтоқсан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әлеуметтік қамсыздандыру» дайындау бағыты бойынша Республикалық оқу әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті.

Мәжіліс барысында «Әлеуметтік қамсыздандыру» дайындау бағыты бойынша РОӘК ОӘБ құрылымы мен құрамы және 2018-2019 оқу жылына жұмыс жоспары бекітілді.
Кеңесте университетіміздің «Экономикалық теория және МБ» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты Умирзакова Меруерт Абдуалиевна «Әлеуметтік қамсыздандыру» дайындау бағыты бойынша РОӘК ОӘБ мүшесі болып бекітілді.
Мәжілісте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің жаңа міндеттері мен іс-шаралары қарастырылды.
Кәсіби стандарттарға, халықаралық сертификаттау стандарттарына сай келетін білім беру бағдарламаларын жаңарту туралы мәселені қарастыру барысында кафедра өкілдері тарапынан экспериментальді бағдарламаларды құрастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш мәселені қарастыру барысында жұмыс берушілер мен басқа да ЖОО өкілдері тарапынан қызығушылық танытылды. Осыған орай, бүгінгі таңда еңбек нарығы талап ететін мамандарды дайындау тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізу ұйғарылды.

JoomShaper