Үздік студент-2018

Еліміздің жастарын қолдау мақсатында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен 2018 жылдың 14 желтоқсанында Республикамыздың ЖОО студенттері арасында «Үздік студент» жобасы болып өтті.

«Үздік студент» жобасы аясында Қазақстан жастар Конгресінің қолдауымен «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағы жарық көрді. Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізілді.
Жоба қорытындысы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 3 курс студенті АЛДАБЕРГЕН АРАЙЛЫМ ЖАНАБІЛҚЫЗЫ Республикамыздың ЖОО студентті арасынан «Үздік студент» атанып, арнайы тағайындалған «Үздік студент 2018» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың кітап жинағында автобиографиясы жарияланды.
Болашағың жарқын, алар асуың мен бағындырар белестерін биік болсын, Арайлым!

JoomShaper