Каратэнің қас шебері

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті Айбек Шаукилов Болгарияның Варно қаласында өткен киокушанкай-кан каратэден Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, ел мерейін биікке көтерді.

Бұған дейін Украинада өткен Әлем чемпионатында чемпион атанған болатын. Университет ұжымы каратэнің қас шебері Айбекке алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдіреді.

 

JoomShaper