Болгария, Благоевград қаласы, Оңтүстік-Шығыс университетінің PhD докторының сабағы

"Экономика және ақпараттық технологиялар"факультетінде басқа жоғары оқу орындарының экономист-ғалымдары, тәжірибелі мамандары дәрістер мен практикалық сабақтарды өзекті және қызықты тақырыптарда өткізеді.

Солардың бірі, 2018 жылдың 2 желтоқсаны мен 15 желтоқсаны аралығында Болгария мемлекетінің Благоевград қаласының Оңтүстік-Шығыс университетінің Phd докторы Ставрова Елена экономикалық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі банк индустриясы – қалпына келтіру, қайта құрылымдау және инновация. Жаһандық мәселелер мен шешімдер» тақырыбында дәріс оқыды. Ставрова Елена дәрісті оқытудың интерактивті, проблемалық оқыту, сыни ойлауды дамыту және басқада әдістерін қолдану арқылы өткізді.

 

Ал практикалық сабақтарды оқытудың - шығармашылық семинары, бақылап-оқыту семинары тәрізді іскерлік ойындар түрінде өтті.
Білім алушыларға доктор Е.Ставрова магистрлік диссертациялардың (жобалардың) бейіні бойынша ғылыми кеңестер берді.
Сондай-ақ, доктор Е.Ставрова факультет оқытушылары үшін келесі мәселелерді қарастырған семинар өткізді: қаржы индустриясындағы инновациялар, крипто-валютаның артықшылықтар және оларды реттеу; миндмэпинг тәуекелдерін жіктеу, еуро - жалпы валюта ретінде және т. б.

JoomShaper