«Біз есірткісіз қоғамда өмір сүреміз» №1 студенттер жатаханасында тақырыптық плакаттар сайсыcы өткізілді

5.12.2018 жылы «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Шукенова Жадыра Сламханқызының және Ю-18-5 оқу тобының ұйымдастыруымен №1 студенттер жатаханасында дүние жүзілік СПИД-ке күніне орай «Біз есірткісіз қоғамда өмір сүреміз» тақырыптық плакаттар сайсыcы өткізілді.

Сайысқа белсене қатысқан құқықтану мамандығының студенттері тың идеяларын қаламмен ұштастырып қағаз бетіне түсірген. Комиссия мүшелері: Филология, тарих және құқық факультетінің декан орынбасары Д.Омаров және аға тәлімгер А.Кубенова. Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Ю-17-1 оқу тобы иеленсе, екінші орын Ю-18-7, Ю-17-3 (Алдебаева Фареда) оқу тобына берілді. Ал, үшінші орын Ю-18-9 және Ю-18-2 оқу топтарына бұйырды. Сонымен қатар Ю-16-1 оқу тобы плакаттар сайсына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаталды.

 

JoomShaper