«Мәңгілік Елге жол салған - Елбасы!» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш

2018 жылдың 29 қарашасы күні «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасында «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы, «Өркен» бастауыш партия ұйымы және ғылыми -техникалық кітапханамен бірлескен 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне арналған «Мәңгілік елге жол салған- Елбасы!» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Әдеби-танымдық кеште білім алушылар елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен танысты. №7 оқу ғимаратында кітап көрмесі ұйымдастырылып, білім алушылар елжандылық тақырыпта жазылған поэзиялық өлеңдерді мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Сайыс барысында мәңгілік елдің рухани мұрасын болашақ педагог мамандардың бойына сіңіріп, ұлттың ұлағатын сезіндірер жыр шумақтары таңдалып алынып, ерекше сезіммен оқылған өлең жолдары тыңдарман көңілінен шығып, әділ қазылардың лайықты бағасын алды. Сайыс жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды.

 

JoomShaper