«Кәсіптік-педагогикалық практика - кәсіби шеберліктің негізі» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 5 желтоқсанында Жаратылыстану факультеті, «Биология, география және химия» кафедрасында «Педагогикалық – жаратылыстану бағыты бойынша Академиялық кеңестің және 6М011300-Биология мамандығының магистранттарының ұйымдастыруымен «Кәсіптік-педагогикалық практика - кәсіби шеберліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты - 5B011300- Биология, 5B011200-Химия мамандықтары бойынша бітіруші курс студенттерді кәсіби педагогикалық практикаға дайындау, практиканың кезеңдері және оның құжаттарымен таныстыру, сабақ түрлерін, оқытудың жаңа әдістерін және есеп беру нысандары бойынша ақпараттарды ұсыну болып табылады. Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары ретінде Қызылорда қаласы Химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің қызметкері, биология пәнінің мұғалімі Азмаханова В.Б, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің биология пәнінің мұғалімі Әзмахан Д.Б, Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің биология пәнінің мұғалімі Байкенже Г.Ж шақырылды.

 

Дөңгелек үстелдің жоспарына сәйкес мынадай баяндамалар тыңдалды:
1. «Педагогикалық практика жинақтау - кәсіби шыңдалу негізі» (Жөкеш Н.С)
2. «Білім беру орындарында маманның қызметтік этикасы мен педагогикалық әдеп қағидалары» (Мұстафаева А.Б)
3. «Қызылорда қаласы Химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі мен пилоттық жобада жұмыс жасайтын білім беру мекемелеріндегі маман даярлау ерекшеліктері» (Әзмахан Д.Б)
4. «Назарбаев Зияткерлік Мектептері - дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі» (Азмаханова В.Б)
5. «Балалар мен жасөспірімдердің жастық күйзелістері» (Жандавлетова Р.Б)
Дөңгелек үстелдің қорытынды сөзінде, «Педагогикалық – жаратылыстану бағыты бойынша Академиялық кеңестің төрағасы Р.Х.Курманбаев ұйымдастырушыларға, қатысушылар мен кафедра оқытушыларына іс-шараға белсене қатысқаны үшін өз алғысын білдірді.

JoomShaper