Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл - әрбір адамзаттың міндеті

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының меңгерушісі Абдимомынова Алмакүл Шакирбековна және кафедра оқытушылары Берикболова Ұлжан Доскалиевна, Карбозова Ағжан Сайлаубекқызы, Тоқмырзаева Айтолқын Ғаниқызының ұйымдастыруымен 5В051000-Мемлекеттік жергілікті басқару, 5В050900-Әлеуметтік жұмыс, 5В050200-Туризм мамандықтарының студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл - әрбір адамзаттың міндеті» атты академиялық тазалық мәселесіне арналған бірыңғай оқу сағаты өткізілді.

Бірыңғай оқу сағатының мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың негізгі ережелерін, жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады. Оқу сағаты барысында мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл туралы видеоролик көрсетілді.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.

 

 

 

 

JoomShaper