Кəсіби бағдар беру мақсатында "құқықтану" кафедрасы мектеп оқушылармен кездесуі

2018 жылдың 22 қарашасында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ–нің «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары з.ғ.к. Е.Алтаев және заңтану магистрі Ж.С.Шукенова, қаламыздағы Қ.Т.Толымбетов атындағы №253 қазақ орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру мақсатында бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырды.

Ең бірінші кезекте оқушыларға 80 жылдық тарихы бар университетіміздің тарихы, материалдық-техникалық базасы, белсенді студенттерге арналған клубтар, үйірмелер, спорт секциялары, үш тілде білім беру туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар университетінің 2018 жылдың жетістіктерімен таныстырды. Университет студенті атанған әрбір студенттің, магистранттың және докторанттың мүмкіндіктері, яғни академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары бойынша еліміздің және өзге мемлекеттердің университеттерінде білім алу жолдары түсіндірілді.

 

JoomShaper