«Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті» тақырыбында эссе байқауы тыңдаушылар арасында өтті

Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30 қарашасында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай, Қытай Халық Республикасынан келген жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсының тыңдаушылары арасында «Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті» тақырыбында жазылған эссе байқауы ұйымдастырылды.

Байқау мақсаты - шетелден келіп білім алып жатқан жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсының тыңдаушыларының Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің құдіретті тұлға екенін танып, өз ойларын жазу.
Бөлімнің 11 тыңдаушысы байқауға қатысып, эссе жұмыстарын жазды. Жұмыстардың нәтижесін шығару және жүлделі орындарды анықтау үшін бөлімнің бастығы, п.ғ.к. С.Т.Жарбулова, практика меңгерушісі К.Ж.Қонысбаева, «Қазақ тілі, әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Қ.М.Жұмабай, «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы, ғылым магистрі Ғ.А.Жәрімбет және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курстары бойынша әдіскер Г.А.Скакова байқауға қатысушылардың жұмыстарына талдау жасап, нәтижесінде, бөлім бастығы С.Т.Жарбулова «Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті» тақырыбында жазылған эссе байқауында 1-ші дәрежелі дипломды Бекдүйсен Шынарға және 2-ші дәрежелі дипломды Бақыт Қасиетке, ал 3-ші дәрежелі дипломды Асқабыл Ардаққа табыстады.
1-ші диплом иегері Бекдүйсен Шынардың жазған эссесінде «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етегімен су кешіп білектің күшімен, найзаның ұшымен ата-бабамыздың жанын шүберекке түйіп ғасырлар бойы соғысып қорғаған ұрпаққа аманаттаған туған елдің бір шымшым топырағы көз қарашығындай қорғау бізге парыз, бізге аманат» және 3-ші дәрежелі диплом иегері Асқабыл Ардақтың «Біреулер қиын қыстау күнде ел басқаратын ұл таппай қырық пышақ болғанын көзімізбен көріп, жағамызды ұстап жатырмыз. Ал біздің осындай берекелі де тату тыныш та бейғам ұйықтап, алаңсыз ойнауымыз және де сол нұрлы сұлтанымыз, әулие асқарымыз бүкіл түркі халқының ақсақалы, Алаштың ардақтысы, қазақтың қасиетті қамқоры Н.Ә.Назарбаев. Біз осы күндерімізге дән ризамыз, шетел асып келгенде, ата жұртқа келгенде басқамыз жоқ болсада, жылы жүзді ыстық құшақты халқымыз бен данагөй елбасымыз бар деп маң-маң басып қазақ топырағына ешбір уайымсыз тегін білім алып, тірлік жасап жүрміз. Ендігі тілейтініміз, елімізге амандық, халқымызға бірлік, елбасымызға мықты денсаулық, шексіз бақыт және ұзақ ғұмыр. Барша қазақстандықтарды алғашқы президент күнімен құттықтаймын!» - деп жазған байқау жеңімпаздарының елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа деген алғыстарын айта кетпеуге болмайды.

JoomShaper