ЖАЗБАША ҒЫЛЫМИ КОММУНИКАЦИЯ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №9 оқу ғимаратында Практикалық ағылшын тілі кафедрасының доценті С.І.Садыбекова Б-16-1 п/я оқу тобында "Академиялық жазу" атты ашық практикалық сабақ өткізді.

Аталмыш сабақ ағылшын тілінде жазудың негізгі талаптарымен көптілді топ студенттерін таныстыру арқылы жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, шет тіліндегі тиісті сөздік қорын пайдалана отырып, өздерінің ғылыми мәселелер бойынша ойларын еркін және дәлелді түрде жеткізу қабілетін дамытуға бағытталған. Студенттер академиялық жұмыстарды құрылымдау әдістерін оқыту барысында, эссе, мақалалар мен аннотациялар дайындауда белсенділік танытты.
Ашық практикалық сабаққа кафедра оқытушылары және Жаратылыстану факультетінің студенттері қатысты.

 

JoomShaper