«Теориядан - тәжірибеге»: болашақ мемлекеттік қызметкерлер басқарма бөлімшелерінен іс-тәжірибеден өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы бірлесе отырып,дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ашылған «Мемлекеттік қызмет мектебі» қатысушылары 19-30 қараша аралығында Қызылорда облыстық басқармаларында іс-тәжірибеден өтті.

Іс-тәжірибенің мақсаты: басқарма бөлімшелерінің жұмысының басты қағидаларымен танысу, мамандардың кәсіби дайындығының сапасын жақсарту. Іс-тәжірибе барысында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алушы болашақ мемлекеттік қызметкерлер университетте алған теориялық білімдерін тәжірибе барысында қолдана отырып, білікті маман иелерінен экономика саласындағы ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстардың тәжірибелік қызметіне үйренді. Тәжірибемен қатар студенттеріміз «Бүгінгі студент-ертеңгі маман» атты конференция жұмысына қатысып, бітіруші курс студенттері болашақ мемлекеттік қызметкер ретінде алға қойған мақсаттарымен бөлісті.Сонымен қатар, Департамент басшысы А.Мұхимов Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының коворкинг орталығында «Галстуксіз кездесу» өткізді. Кездесу негізгі мақсаты-жастардың мемлекеттік қызметке деген көзқарастарын біліп,қызығушылықтарын арттыру болды. Екі аптаға созылған іс-тәжірибе соңында студенттерге сертификаттар табысталып, кешенді жоспарға сәйкес келесі атқарылатын жұмыстарға дайындық кезеңдері басталып кетті.

JoomShaper