«Әлемдік үздік психологиялық оқулықтар – бәсекеге қабілетті психолог мамандарын дайындаудың қайнар көзі» атты оқырмандар конференциясы

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында жастардың толыққанды білім алуы үшін дамыған мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізудің қажеттілігі баса айтылған.

Сондықтан осы бағдарлама аясында «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырыла бастады. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақтіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таң¬даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – жобаның ең ұтымдытұстарының бірі болып табылады.Осы мақсатта 2018 жылдың 29-қарашасы күні Педагогикалық факультеті Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлемдік үздік психологиялық оқулықтар – бәсекеге қабілетті психолог мамандарын дайындаудың қайнар көзі» атты оқырмандар конференциясы болып өтті. Конференция – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған психология ғылымы бойынша аударылған кітаптарды білім алушылар арасында талқылауға бағытталды. Аталмыш шараға факультет деканы Е.Қ.Ақтаев, «Педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында ПП-17-1 оқу тобының студенттері Л.Төлеш, Р.Қарасай, М.Шәукенбек, ПП-18-1у оқу тобының студенті Д.Темірхан, ПП-16-3 оқу тобының студенті Н.Әбдірахымдар аударылған психологиялық оқулықтар жайлы, олардың ерекшеліктері мен құндылықтарытуралы баяндама жасап, студенттер мен оқытушылардың пікір алмасуына ұласты. Шараға қатысушылардың айтуы бойынша, 100 жаңа оқулықтың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі ерекше. «Әлемдік экономикалық үндестік кебілімарқылыған қолжеткіз еаламыз. Білім мен ғылым оқулық арқылы келеді. Сол оқулық арқылы санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті маман бола аламыз».

JoomShaper