«Өлкетанушы» үйірмесінің салтанатты ашылуы

2018 жылдың 12 қарашасында Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің Қытай Халық Республикасынан келіп оқып жатқан жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курстарының тыңдаушыларына арналған «Өлкетанушы» үйірмесі ашылып, өз жұмысын бастады.

Үйірме жетекшісі, «Философия және мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы, тарих магистр Ғ.А.Жәрімбет үйірменің мақсат-міндеттерін нақтылай келе, үйірменің салтанатты ашылу сөзін Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы, п.ғ.к. С.Т.Жарбуловаға берді.
Бөлім бастығы С.Т.Жарбулова өз сөзінде үйірменің ашылуымен құттықтап, «үйірменің Қытай Халық Республикасынан келіп дайындық курсында оқып жүрген тыңдаушылар үшін маңызы зор екенін айтты. Жер бетінде өмір сүріп жатқан әрбір адам өз Отаны үшін, өз халқын, өз елін, өз жерін және тарихын мақтан тұтады. Бізге бүгінгі күнде жарқын болашаққа батыл қадам басу үшін, өткенімізді ұмытпай, бүгінімізді ұлықтауымыз керек. Әрбір өскелең ұрпақ өзінің ата-бабаларының мәдени-тарихи мұраларын бойына сіңіре отырып, өз туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын қалыптастыру керек» - деп сөзін қорытындылады.
Үйірменің негізгі мүшелері бөлімнің дайындық курсында білім алып жүрген тыңдаушылар.
Бұл тыңдаушылар үйірмеден Қызылорда облысының өткен тарихымыз бен қазіргі кезімізді екшелеп, материалдық және рухани байлығымызды жинақтап, зерделеуді үйренеді. Өндіретін өнімнің көлемі бойынша елімізде алдыңғы қатарлы ірі өндіріс орталығы болып саналатын қазыналы өлкеміз - Қызылорда туралы, көптеген белгілі тұлғалар жайлы және өз өлкесінің салт-дәстүрлерімен танысып, түрлі деректер мен оқиғалардан қорытынды шығаруда өз ой-өрістерін кеңейте алады.
Үйірменің алғашқы отырысы жоспарға сәйкес Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналды. Тыңдаушылар отырыс соңында Қызылордаға қатысты білетін мәліметтерін айтып, өлеңдерін оқыды.

JoomShaper