ҚР Президентінің Жолдауы жатақхана тұрғындарымен талқыланды

Еліміздің мызғымас президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5-қазанында жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы аясында «Қаржы» кафедрасының оқутушысы Ж.Ш.Рахметбекова 2018 жылдың 1-қарашасында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің №1 жатақханасында 1-2 курс студенттермен кездесіп, жолдауды талқылап, жастардың ой-пікірлерін тыңдап өз оймен бөлісті.

Әсіресе, халық табысының өсуі мен «Бизнестің жол картасы-2020», сонда-ақ экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс деген бөлімдерін студенттер қызу талқыға салды.
Кездесу жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайы мен олардың жаңа ортасы жайлы және өзге де мәселелерді талқылаумен аяқталды.

JoomShaper