Студенттер салауатты өмір салтын ұстанады!

2018 жылдың 2 қарашасы күні «Қаржы» кафедрасының оқытушылары 1-2 студенттер арасында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында студенттердің АҚТҚ / ЖҚТБ проблемалары, тері және венерологиялық аурулардың диагностикасы мен темекі шегудің, нашақорлықтың, алкоголизмнің және нашақорлықтың қауіптілігі туралы хабардарлық деңгейін көтеру мақсатында осы саладағы мамандар дәріс оқыды.
Шақырылған дәрігер-нарколог Г.Б.Байсыноваға, дәрігер дерматолог С.М. Пиржановқа, эпидемиолог дәрігер С.А Сәрсенбаеваға студенттер сұрақтар қойды, сондай-ақ олар қызықты, жан-жақты толық жауаптар алды.
Облыстық жастар денсаулық орталығының валеология өкілдері, А.Д Алдабергенова және Г.А. Алмұрзаев жиналысты студенттерді ерікті жұмыс, қол жетімділік, қайырымдылық, сенімгерлік қағидаттар бойынша жасөспірімдік ерекшеліктерімен анықталған денсаулықты сақтау мәселелеріне кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуге шақырды.

 

JoomShaper