Кәсіпкерлікке жолдама

01.11.2018 жылы Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің жанынан Жас кәсіпкер мектебі кезекті семинарын алғашқы нәтижелеріне арнады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тренерлері 22.10.2018ж-.26.10. 2018 ж. аралығында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде өткізген семинар-тренингке ерікті 84 студент жазылған. Тренинг барысында кәсіпкерлікке жеке тұлғалық қабілеттіліктерін айқындай білген 48 студентке «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» сертификаты табысталды.
Ұйымдастырған іс-шара нәтижесінің табыстылығының басты көрсеткіші болып Экономика және ақпараттық технологиялар факультетінің Т-18-1 оқу тобының студенті Жолдасов Дәулет кәсіпкерлер палатасы тренерлері Жолдасбеков А, Қасымжан М. жүргізген семинар-тренингтің нәтижесінде «General Univercal Company» атты жеке кәсібін ашып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1курс студенті - жас кәсіпкер заңды тұлға ретінде тіркелді. Кәсіпкер-студенттің алғашқы қадамдарының табыстылық көрсеткіші студент жастарға үлгі болары анық.
Семинар барысында төмендегі студенттер өздерінің ұшқыр ойларымен терең білімдерін көрсеткені үшін Инженерлі-экологиялық факультетінің ЭЭ-18-1 оқу тобының студенті Мұратбек Я, Филология, тарих және құқық факультетінің АЯ-17-3 оқу тобының студенттері Қуандықова А. мен Жоламанова А., Педагогикалық факультетінің ПП-15-1 оқу тобының студенттері Махат М. мен Қадырова Н. және ПП-18-31 оқу тобының студенті Сартаева Қ. Кәсіпкерлер палатасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

JoomShaper