Мамандандырылған аккредиттеудің критерийлері мен өту рәсімін түсіндіру семинары

2018 жылдың 31-ші қазанында университетте мамандандырылған аккредиттеудің талаптары мен өту рәсімімен таныстыру және түсіндіру мақсатында «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің университетішілік жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар модераторы - Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) ЖОО институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жобасының жетекшісі Ниязова Гулияш Балкеновна.
Семинарға қатысушылар Агенттіктің стандарттары және критерийлерімен, білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау рәсімінің есебін құрастыру тәртібімен танысты.

JoomShaper