Бизнес идеялар жобасының жеңімпаздары анықталды

Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы ұйымдастырылуымен өткізілген «Байқоңыр Start-up2» бизнес идеялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылданды деп хабарлайды «Байқоңыр-Start up.kz».

Байқауға Қызылорда қаласының 18 жастан 29 жасқа дейінгі жас тұрғындары мен облыстың барлық аудандары қатысып, әлеуметтік, коммерциялық және экологиялық жобаларын қорғады. Желтоқсан көшесінде орналасқан Кәсіпкерлер үйінде аталмыш байқау жүргізіліп, жастардың инновациялық және кәсіпкерлікке деген қабілетін шыңдау мақсатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы қолынан қаржылай сыйақылар мен марапаттаулар табысталды.
І орынды «Safe Headphones» жобасы иеленді. Жобаны құрастырушы – Дастан Айтбай. Қала жастарын көшедегі оқыс жағдайлардан сақтау мақсатында жасалған коммерциялық жоба өзектілігі – көлік сигналы басылған сәтте әуеннің лезде өшіп қалып, адамның өзін сақтап қалу әрекетіне ие болуында. Мобильдік қосымша арқылы жүктеліп, кез келген құлаққап түріне орнатуға болады. Жеңімпаз сыйақысы 300 000 теңгені құрайды.
ІІ орынды «Балғын» жобасымен Садуов Шыңғысхан иеленді. Жобаның басты ерекшелігі – ас тағамдарына арналған пакеттер тізбегі. Әр пакет бетінде жарнама орны басылып, өзге де кәсіпкерлер жұмысын таралымға ұсынады. Жеңімпаз сыйақысы 200 000 теңгені құрайды.
ІІІ орын иегері – Уалихан Тасқараның «Логопед» жобасы. Уалиханның басты мақсаты: науқас адамдарға арналған емдік қызмет көрсету, ішінде арнайы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған киімдер үлгісі де тігіледі. Жеңімпаз сыйақысы 100 000 теңгені құрайды.

JoomShaper