Шетелдік оқушылар «Мұстафа Шоқайтану» орталығында болды

2018 жылдың 29-қазан күні Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің дайындық тобында оқитын ұлты қазақ шетел азаматтарының тыңдаушыларыуниверситеттің материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында «Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығында болды.

Орталық қызметкері Б.Жүсіпбекова жерлесіміз, алаш ардагері, тұңғыш эммигрант, әлем таныған тұлға Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі, шығармашылығы жөнінде мол мәліметтер бере отырып, орталықтың жұмысымен таныстырды. Сонымен бірге ТГ-18-1 (д/б) тобының эдвайзер-кураторы Ғ.А.Жәрімбет оқушыларға елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен ұлт зиялыларының қызметін білу, ұрпақ жадында сақтау біздің басты борышымыз екенін түсіндірді.

JoomShaper