Сапа менеджменті жүйесіне инспекциялық аудит

2016 жылдың 20-22 маусымында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сапа менеджменті жүйесінің ГОСТ Р ИСО 9001-2015 (ISO 9001:2015) білім саласындағы қызметте қолдану талаптарына сәйкестігін дәлелдеу мақсатында инспекциялық бақылау өткізілді.

Бірлескен Қазақстан-Германия жобасы аясындағы халықаралық семинар

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ағымдағы жылдың 15 маусымында, бірлескен Қазақстан-Германия жобасы аясындағы «GeKaVoc-«Логистика, мехатроника және Қазақстандағы тұрақты энергиямен қамтамасыз етубойынша кәсіптік және техникалық оқыту технологиясының трансферті» атты Халықаралық семинарөтті. Бұл жобаны Германияның Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады. Бірлескен жобаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қатысады.

Университет ректорының студенттермен дәстүрлі кездесуі өтті

2018 жылдың 6-8 маусым күндері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов студенттермен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін өткізді.

Оқытушылар біліктілікті арттыру курсынан өтті

2018 жылғы 28 мамыры мен 9 маусым аралығында «Жаңартылған мазмұны аясында жоғары оқу орындарында білім берудің заманауи педагогикалық технологиялары» бағдарламасы бойынша 240 сағат көлемінде Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогикалық мамандықтардың оқытушыларына біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың соңында тыңдаушылар сабақтың қысқа мерзімді жоспарын құрып, қорғады. Қорғау кезінде тыңдаушылар оқу үрдісінде алған білімдері мен дағдыларын көрсете алды.

Экология саласының маманы марапатталды

5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының көп жылдан бері Экология саласында білім беріп, маман дайындауға атсалысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келе жатқан маман еңбегі бағаланды.

Тағы жаңалықтар...

1-45

JoomShaper