Университетте ашық есік күні өтті

18 сәуір күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттіу университетінің Студенттер сарайында Қызылорда қаласының мектеп бітірушілеріне арналған АШЫҚ ЕСІК күні өтТі. Оған Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш.Байманов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғд., профессор Қ.А.Бисенов, профессор-оқытушылар, ғалымдар, ғылым қызметкерлері және қала мектептерінің бітіруші түлектері қатысты.

5В011200 - «Химия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында X Республикалық пәндік олимпиада

11-12 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 5В011200 - «Химия» мамандығының студенттері арасында химия бойынша 10-шы Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Қорқыт Ата атындығы ҚМУ магистранттарының Республикалық олимпиададағы жеңісі

2018 жылдың 9-11 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен педагогика ғылымдары бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасы өтті. Аталмыш білім бәйгесіне еліміздегі белгілі 17 жоғары оқу орны қатысты.

«Ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Төртінші кәсіптік революция жағдайындағы білім берудің жаңа сапасы» тақырыбында дәстүрлі құқық апталығы басталды.

Сыр өңірінің рухани әлемі

2018 жылдың 12 наурыз айынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасының №1 оқу ғимаратындағы бөлімінде Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған кең көлемді кітап көрмесі өтуде. «Сыр өңірінің рухани әлемі» деп аталатын кітап көрмесі «Тарихы тұнған шежіре», «Сыр – Алаштың анасы» және «Жедел даму жолында» атты бірнеше бөлімдерді қамтиды.

Тағы жаңалықтар...

8-23

JoomShaper