Cтара Загора қаласындағы Тракия университеті

2 мамырда университет делегациясы Тракия университеті орналасқан Стара Загора қаласына келді. Стара Загора Болгарияның орталығында орналасқан, бұл қала елдегі көлемі бойынша алтыншы орында тұр және оның тарихы үш мың жылға жуық. Осынау әдемі және замануи қалада Болгарияның ең байырғы университеттерінің бірі - Тракия университеті бар, оның тарихы 1923 жылдан бастау алады. Университет ректоратында достық жағдайда келелі әңгіме өтті.

Студенттердің ХХІІ ғылыми-практикалық конференциясынан жеңіспен оралды

2018 жылдың 26-27 сәуір күндері Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде өткен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің ХХІІ ғылыми-практикалық конференцияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен 5В080100 - «Агрономия» мамандығы, 5В080200-«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080600-«Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандықтарының студенттері қатысып, І,ІІ,ІІІ жүлделі орынмен оралды.

Университеттің халықаралық байланыстары кеңейе түсуде

Жыл өткен сайын университеттің халықаралық байланыстар көкжиегі кеңейе түсуде. 2018 жылдың басында университет делегациясы бірінші Венгрия-Қазақстан Форумының жұмысына қатысып, Венгрияның 3 жетекші университетімен Келісімшарттарға және меморандумдарға қол қойды. Университеттің әріптестік байланыс орнату және халықаралық қатынастарды нығайту жұмыстары мақсатты түрде жүргізіліп отырады.

Студенттер арасында спартакиада ұйымдастырылды

23-27 сәуір аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекеттік мәртебе алуына 20 жыл толуына орай Студенттер Кәсіподақ комитетінің қолдауымен студенттер арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Оған спорттың 11 түрінен 6 факультеттен 6 команда қатысты.

Астана – Отанымыздың жүрегі!

2018 жылдың 25 сәуір күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай қала мектептерінің 9-11 сыныптары оқушылар арасында «Астана – Отанымыздың жүрегі!» тақырыбында ғылыми жобалар байқауы өтті.

Тағы жаңалықтар...

7-25

JoomShaper