«Түркі дүниесі: тарихи сана мен таным»

2018 жылдың 27 сәуірінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында ҚР мәдениет және спорт министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты түркі жазбалары күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Осы іс шараға университеттің ғылыми-техникалық кітапханасы «Түркі дүниесі: тарихи сана мен таным» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін жасады. Конференцияға Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысқан филолог ғалымдар, тарихшылар кітап көрмесіне қойылған бал-бал тастарда қашалған ежелгі тарихи ескерткіштерден бүгінгі күнге дейінгі түркі халықтарының жазбаларын тамашалады. Сонымен қатар кітап көрмесіне түркі халықтарына ортақ рухани-мәдени мұралардан мәлімет беретін оқулықтар мен оқу құралдар, фотоқұжаттар қойылды.

JoomShaper