Әріптестік байланыс жалғасын табуда

2018 жылдың 28 мамыр күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 5В030100-құқықтану мамандығын бітіруші түлектерінің Қызылорда облысының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Х.З.Дәуешовпен кездесуі болып өтті.

Кездесуде бітіруші түлектермен прокуратура органдарына прокурорлық қызметке тұру және оларға қойылатын талаптар туралы сөз болды. Облыс прокуроры прокурорлық қызметке тұру және прокурорлық қызметке қойылатын талаптар туралы түсіндіре келе, кадр таңдаудағы негізгі кретерий – тек теориялық білім ғана емес, сонымен бірге моральдық және психологиялық тұрақтылық, кәсіби коммуникативтік құзіреттілілк, орыс тілі мен ағылшын тілдерін білуі, компьютерлік сауаттылықтың да қажет екендігін айтты.
Қызылорда облысының прокуроры Х.З.Дәуешов кездесу барысында түлектермен таныса келе, олардың әрқайсысына теориялық дайындығы мен ойлау қабілетін тексеру мақсатында сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

JoomShaper