«Ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Төртінші кәсіптік революция жағдайындағы білім берудің жаңа сапасы» тақырыбында дәстүрлі құқық апталығы басталды.

Апталықтың алғашқы күні №1 оқу ғимаратындағы ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлері дайындаған «Рухани құндылық – құқықтық білімде» атты заң әдебиеттерінің көрмесімен ашылды. Кітап көрмесіне университет кітапхана қорындағы құқықтану мамандығына арналған барлық оқулықтар мен оқу құралдары, Заңнамалар мен Кодекстер және «Төртінші кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Елбасы Жолдауы, жолдауға байланысты жарыққа шыққан кітаптар мен мақалалар студенттер назарына ұсынылды.

JoomShaper