Университет студенті Халықаралық сайыстан жүлделі орын алды

Еуропалық және азиялық дизайнерлердің, журналистер мен сән сарапшыларының, сондай-ақ қазақстандық дизайнерлердің қатысуымен өткен «Аспара Сән апталығы» аясындағы «NEO FOLKLOR» киім дизайнерлер Халықаралық сайыстың іріктеу турынан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң 5В042104 – Сән дизайны мамандығының студенттерінің дайындаған екі сән жиынтығы өткен.

Шымкент қаласында 2018 жылдың 9-12 мамыр аралығында «Кәсіптік оқыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Л.К.Шильдебаева мен оқу шебері, педагогика ғылымдарының магистрі А.Б.Амирова жетекшілігімен Д-14-1 оқу тобының студенті Темір Аида, Д-15-1 оқу тобының студенттері Әби Рита және Шуақбай Ақнұр, Д-16-1 оқу тобының студенті Жазықбаева Әйгерім жасаған сән жиынтықтар аталған сайысқа қатысты.
Сән апталығына әлемнің көптеген елінен 24 дизайнер қатысты. Мұнда арнайы шақырылған шетелдік қонақтар арасында сән саласының мамандары Рокко Лео Галиоти, Берлин Сән апталығының президенті Катаржина Стефанова, Италяның Vogue және Elle журналдарының өкілдері Анна Мирабелла Постолач және Адрианна Ди Лелло, голландиялық модель және сән блогері Сенсемилетта Летиция Самтер, ҚХР киім және тоқыма қауымдастығының президенті Джан Тонг Джи, Азия дизайнелер аптасының президенті Дельфи Роби Рават, өзбекстандық «Miss Union» халықаралық сән конкурсының директоры Гүлнәр Мұхамедова, Еуропадағы Азия сән апталығының директоры Амстердам Айдын Асик, Украина Әтірлері гильдиясының президенті Влад Зварыч сынды танымал адамдар қатысты.
Д-15-1 оқу тобының студенттері Әби Рита және Шуақбай Ақнұр өз сән жиынтығын қанық түсті мақта матадан жасалған, нео-фольлер стиліндегі тиіндармен әшекеленген костюмдерді шетелдік жюриге ұсынды (https://youtu.be/HBUy5OxZavw сілтеме бойынша көруге болады). Ал, Д-14-1 оқу тобының студенті Темір Аида нәзік сән жиынтығын ақ матадан дайындап осы шетел әділ қазылар алдына сахнаға шығарды (https://youtu.be/T_iv9__Lm4E сілтеме бойынша көруге болады).
Нәтижеде Темір Аида «Тұтастық және бейнелеудің көркемдік мәнерлігі» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.
Барлық қатысушы студенттермен бірге жетекшілері арнайы сертификаттарға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

JoomShaper