Студенттердің ХХІІ ғылыми-практикалық конференциясынан жеңіспен оралды

2018 жылдың 26-27 сәуір күндері Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде өткен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің ХХІІ ғылыми-практикалық конференцияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен 5В080100 - «Агрономия» мамандығы, 5В080200-«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080600-«Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандықтарының студенттері қатысып, І,ІІ,ІІІ жүлделі орынмен оралды.

5В080100 - «Агрономия» мамандығы бойынша АГР-17-1 оқу тобының студенті Әдішова Альбина І орын; Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к., аға оқытушы Байжанова Б.Қ. АГР-16-1 оқу тобының студенті Алдаберген Арайлым І орын; Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к., аға оқытушы Нұрымова Р.Д. АГР-16-1 оқу тобының студенті Саиымбай Үміт ІІ орын; Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Нұрғалиев Н.Ш. ТПЖ-17-1оқу тобының студенті Жақсыбекова Гүлсая ІІІ орын; Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к., доцент Мұханов Н.Б. ТТ-16-1 оқу тобының студент Арасат Айдос І орын; Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Нұржан Д.Ж.

JoomShaper