«Жас ғалым» конкурсының жеңімпазы

«ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген, «Жас ғалым» атты VІІІ Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстарының сайысында Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі кафедрасына қарасты 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 4 курс студенті Оңталап Рауан жүлделі I орынды жеңіп алды (ғылыми жетекшісі - «ЭЭ және ӨТҚ» кафедрасының оқытушысы А.А.Ташимова). Ғылыми жұмыс авторын жеңісімен құттықтай отырып шығармашылық табыс пен ғылыми ізденіс жолында сәттіліктер тілейміз!

JoomShaper