IQ BUSINESS» интеллектуалды сайысы

Аймақ басшысы Қ.Е. Көшербаев «2018 жыл Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» - депжарияланған болатын.

Осы ретте жастар арасында кәсіпкерлік сананы қалыптастыруда және де жастарды кәсіпкерлікке тарту және шағын орта бизнесті дамытуда жастардың тың идеялары мен қосар үлесі мол екенін ескере отырып Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің тапсырысы бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Бизнес – START» орталығының ұйымдастыруымен қала жастарына арналған «IQ BUSINESS» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Сайыс ережесіне сәйкес 19-21 ақпан күндері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 1 оқу ғимаратында қатысушыларға бизнеске, көшбасшылыққа және SМM туралы семинар-тренинг өткізілді.
23 ақпан күні «Бал Ара» коворкинг орталығында сағат 14:00-де «IQ BUSINESS» интеллектуалды сайыс өтті. Сайыста жастар заманауи инноваторлардың өмір баянын таныстыруда сайысқа түсті жене бизнес жобалар бойынша өзара сайысты. Сайыста 10 команда бақ сынасты, төрешілер құрамында Жылқыбаев Олжас Қыдырбайұлы «Атамекен» ҚР ҰКП Қызылорда облысындағы бөлімінің маркетинг саласы бойынша маманы, Құлмырзаев Нұрлан Серікұлы - Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасының бастығы, Қаюпов Азамат Биғалиұлы – кәсіпкерлерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Қорқыт Ата студенттері - Абраимова Іңкәр Халиқызы, Рахменшеев Нұрсұлтан Саттарұлы, Кеңес Жанар, ІІ орын – Өтеп Мадина, Əбенова Ақбота, Алдаш Гүлзат, ІІІ орын - Сапарбек Бақмұхаммед, Сейдахметов Рауан, Сапарбек Зермұхаммед иеленді.

JoomShaper