Қола медаль иеленді

Ресейдің Қазан қаласында белбеу күресінен жастар арасында Әлем чемпионаты өткен болатын.Айтулы додаға Қазақстан Республикасының спорт шебері, белбеу күресінен ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Қанзада Арайлым қатысып, қола медаль иеленді.

Арайлымды Жаңа жыл қарсаңындағы айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта өтетін жарыстарда биіктен көрінуіне тілектестік білдіреміз.

 

JoomShaper