Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректорының Кореядағы тағылымдамасы

Университететтің халықаралық ынтымақтастығы жылдан жылға кеңею үстінде. Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық саласында алыс және жақын шетелдердің ЖОО-лары, білім және мәдени орталықтары, жетекші ғылыми орталықтары, қорлары және қоғамдық ұйымдарымен 85-тен астам келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды.

Осы елдердің арасында Корея Республикасы айрықша орын алады. Біздің университет Кангнам, Кенги, ЧунАнг, Дэджинуниверситеттері, Кангвон, Андон Ұлттық университеттері, Кванджу Ұлттық педагогикалық университеті, Ұлттық халықаралық білім институты, Кенгипровинциясының білім департаменті, Чолланамдопровинциясының білім департаментімен тығыз байланыс жасайды.
Жуырда стартегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор Оразбаев Нұрлан Жеткергенұлы Корея Республикасының Кангнам университетіне ағылшын тілі курстарына қатысу үшін және стартегиялық даму, басқару жүйелерімен және университетті әлемдік қауымдастықта интернационалдандыру процестерімен танысу үшін бір ай мерзімге іссапарға жіберілді.
Осыған орай, кеше 24.05.2018ж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректорының Кангнамуниверситетінің президенті – проф. доктор Шинил Юнмен іскерлік кездесуі болып өтті. Бұл кездесуде екі ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, студенттер, магистранттар мен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлықты жақсарту тәрізді, және басқа да академиялық мәселелер талқыланды. Кангнамуниверситетінің президентіпрофессор Шинил Юн университеттер арасындағы ынтымақтастық білім мен ғылым саласында қарқынды дами түскенін атап өтті.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Кангнам университетімен 17.02.2004ж. бастап Ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде табысты ынтымақтастық жасауда. Сол уақыттан бері біздің университеттер арасында басшылардың ресми сапары, студенттер және оқытушылармен алмасу жүргізіліп келеді, сонымен қатар қос дәрежелік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді.

JoomShaper